Перейти к содержимому страницы.

Педагогика және спорт факультеті діни экстремизм мен терроризм мәселелерін талқылады

17.02.2017

2017 жылғы 16 ақпанда ПМПИ-дің педагогика және спорт факультеті Конфессияаралық қатынастарды сараптау және дамыту орталығының жетекшісі Раздыкова Г.М. және қажы Жолдас Қоспақұлымен діни экстремизм мен терроризм мәселері бойынша кездесу ұйымдастырды.

Бүгінде экстремизм тақырыбы өзекті мәселелердің біріне айналды. Осы тақырыптың төңірегінде орталықтың жетекшісі экстремизмнің таралу себептері және онымен күресу жолдарын атап өтті. Саяси, әлеуметтік, психологиялық және ақпараттық тұрғыда қорғау жұмыстары жүргізілетінін айтты. Діни идеялар мен бағыттарды саясатқа қарсы шығу мақсатында теріс мағынада таратып жүргендер, дінге кері әсерін тигізетінін растады, - қажы Жолдас Қаспақұлы. Факультет деканы Нұрғалиева А.К. экстремизмнің адамгершілікке жат идеологиясына қоғам қайраткерлері, діни және жастар көшбасшылары, зиялы қауым өкілдері бірлесе қарсы шығып, сөз сөйлеу керек, деген ойын ортаға салды.

">