Перейти к содержимому страницы.

«Болашаққа бірге қадам жасаймыз!»

21.11.2017

Ақсу қаласында Алғашқы Президент күніне арналған «Болашаққа бірге қадам жасаймыз!» облыстық жастар форумы өтті. Форумға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Серпін» және «Foundation» бағдарламалары бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

Форум Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жобасын іске асыру шеңберінде өтті. Шара барысында тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі басқарманың маманы Алмас Кенжегалин баяндама жасады.

«Серпін» және «Foundation» бағдарламалары бойынша білім алып жүрген студенттерге жасалып жатқан әлеуметтік көмек бойынша барлық сұрақтарға жауап берді. Форум қорытындысы бойынша, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткізіліп жатқан жұмыстар жоғары деңгейде бағаланды. Сонымен бірге Павлодар облысы бойынша кәсіподақ ұйымының төрағасы Гульбарам Наурызбаева жастар қозғалысының дамуына қолдау көрсетіп жүрген ПМПИ ректоры Алтынбек Нухұлына өз ризашылығын білдірді.

">