Ректор аппараты
Ректор аппаратының басшысы
Айсақова Бағлан Елтайқызы
Бөлімшенің байланысы
-
- Телефон
-
- Пошта
-
- Мир көшесі, 60-үй, №1 оқу ғимараты
- Мекенжай
-
- 125
- Дәрісхана
Бөлімше туралы толығырақ
Ректор аппаратының мақсаты: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты басшылығының басқарушылық шешімдерін тиімді және уақытылы іске асыруды, атқарушы тәртіпті басқарушылық циклының барлық кезеңдерінде бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады
Іс-әрекетінің негізгі бағыттары:
- институт ректоры мен Ғылыми кенес тапсырмаларын, шешімдерін, бұйрықтары және өкімдерінің орындалуын бақылау;
- институтты профессор-оқытушылар құрамының және алған даярлықтары мен іскерлік қасиеттері алған мамандықтары мен біліктіліктеріне сай келетін қызметшілермен толықтыру жұмысын басқару;
- институт қызметкерлерін штаттық орналастыруды және оларды пайдалану дұрыстығын бақылау;
- ұйым қызметкерлерінің аттестаттаудан өтуін ұйымдастыру, оны әдістемелік қамтамасыз ету, аттестаттау комиссиясы шешімдерінің орындалу барысын тұрақты қадағалау;
- жұмыс өтілін анықтау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
- профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысын өткізуді ұйымдастыру;
- қызметкерлерді көтермелеуге ұсыну үшін материалдар дайындау;
- қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде материалдар дайындау;
- штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы басшылыққа ұсыныстар дайындау;
- әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және ректор аппараты құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру;
- кадрлар резервін қалыптастыру және құру;
- қадрлар іс қағаздарының жүргізілуіне, институтта шығарылатын бұйрықтардың заңнама талаптарына сай болуын бақылау;
- институтта еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау және оны нығайту жұмыстарын ұйымдастыру;
- қызметкерлердің еңбек әрекеттерін растайтын құжаттардың сақталуы мен мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
- ректор аппаратының қызметкерлері еңбегінің сапасын бағалауға қатысу.
Мемлекеттік тіл және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
Жанар Серікқызы Әбдірахманова
Бөлімшенің байланысы
-
- Телефон
-
- Пошта
-
- Мира көшесі, 60-үй, №1 оқу ғимараты
- Мекенжай
-
- 112
- Дәрісхана
Бөлімше туралы толығырақ
Қызметтері:
- мемлекеттік тілдегі құжаттарды уақытылы редакциялау; ректор бұйрықтары мен өкімдері, проректорлар өкімдері, институт құрылымдық бөлімшелерінен түскен қызметтік жазбалар жобалары аудармаларының сапасын тексеру;
- институт құрылымдық бөлімшелерінің мамандарына іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
- институт бойынша бұйрықтарды, кіріс және шығыс хат-хабарларды уақытылы тіркеп, қарастыру және тиісті бөлімшелерге жеткізу;
- құжаттардың орындалу барысын реттеу, олардың өткізілуін, рәсімделуін, белгіленген мерзімде орындалуын бақылау;
- институт құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері мен студенттерінің баянхаттарын, қызметтік жазбалары мен өтініштерін тіркеу;
- іссапар куәліктерін беру, оларды жұрналға тіркеу;
- институттың өкімдік құжаттарының ксерокстен көшірмелерін түсіру және оларды тиісті бөлімшелерге уақытылы жіберу;
- институттың елтаңбалы бланкілерін тіркеу және беру;
- жалпыинституттық мәні бар сақталу мерзімі тұрақты құжаттарды мемлекеттік сақтауға және өңдеуге уақытылы тапсыру.
Кадрлар бөлімінің бастығы
Веселова Татьяна Валентиновна
Бөлімшенің байланысы
-
- Телефон
-
- Пошта
-
- Мира көшесі, 60-үй, №1 оқу ғимараты
- Мекенжай
-
- 126
- Дәрісхана
Бөлімше туралы толығырақ
Қызметтері:
- ұйымдағы кадрлардың есебін жүргізу;
- аттестаттау және жұмыс өтілін анықтау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, шығаруды және ауыстыруды рәсімдеу;
- кадрлық мәселелерге қатысты жоғары оқу орны қызметкерлерін өкімші құжаттармен таныстыру;
- кадрлар бойынша белгіленген құжаттарды жүргізу және сақтау;
- еңбек кітапшасын жүргізу, толтыру және сақтау;
- бөлімнің іс жүргізу құжаттамасын жүргізу;
- қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасу;
- бекітілген кестеге сәйкес жыл сайынғы еңбек демалыстардын рәсімдеу;
- қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік мұрағатқа тапсыру;
- институт бөлімшелеріндегі еңбек тәртібін жай-күйі мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауларын бақылау;
- еңбек тәртібін бұзған қызметкерлерден жазбаша түсініктеме талап ету, тәртіптік жаза қолдану және көтермелек туралы бұйрықтар жобаларын дайындау.