Басқа елден келген ПМПИ тыңдаушыларына Павлодар бойынша экскурсия өткізілді
28.11.2017
Институт дайындық бөлімінің тыңдаушыларына қала бойынша экскурсияны Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы филиалы ұйымдастырды.
Экскурсия Павлодар өңірінің тумалары – мәдениет пен ғылымның еңбек сіңірген қайраткерлер ескерткішінен басталды. Экскурсия өзен вокзалына барып, жағалаудағы серуенмен жалғасты. Балалар НЗМ ғимаратының қасбетінен Усолка шағын ауданының жаңа көпірін және кардиологиялық орталықты тамашалау мүмкіндіктеріне ие болды.
Соңында тыңдаушылар Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер экспозициясына барды.