Диплом жұмыстарын қорғау
07.06.2017
Кәсіптік оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасында диплом жұмыстары қорғалып жатыр. Осы жылдың басты ерекшелігі – студенттердің зерттеу жұмыстары ҚР Президентінің «Болашаққа қадам: рухани жаңғыру» мақаласына сай жүргізіліп жатыр.
Мақалада қазақ халқының құндылықтары – салт-дәстүрді сқтау туралы айтылған. «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» - деген сөздер мақалада айтылған. Бұл «әдістемені берудің қазіргі заман талабына сай болу» керектігі анық көрсетілген.
Ұлттық нақышта орындалған дипломдық жұмыс қатысушылар мен комиссия мүшелерінің қызығушылықтарын арттырды. Осы жұмыста студенттер қазақтардың күнделікті тіршілікте қолданып жүрген әдістерін – ши орау, киіз басу, құрақ құрау жетілдірді.
Дипломдық жұмыстарды орындау барысында студенттер өз технологияларын дамыта отырып заманауи материалдар мен құралдарды пайдаланды.
Олар сурет мұғалімдеріне қазіргі мәдениетті қалыптастыру мәселелерін шешуге септигін тигізеді.
Өздерінің тақырыптарын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу үшін дипломшылар сабақ тақырыптарын , дидактиткалық материалдарға – технологиялық карталарды және слайд әзірледі.
Сонымен түлектер қоғамдық сананың жаңғыру кезеңінің жаңа талаптарында қызмет атқаруға дайындыл жүргендері анық.
Мысалы, студент А.Тайлакова өзінің дипломдық жұмысында дәстүрлі емес материалдан көркем еңбектен шығармашылық қабілеттерді дамыту сабақтарына арналған киіз үй дайындау технологиясын әзірледі.