Ең үздік логотип жеңімпаздары белгілі болды
10.04.2017
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институның 55-жылдығына орай, ректорат және тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі басқармасы институттың үздік логотипі атты байқау өткізді.
Аталмыш байқауға студенттер, оқытушылар мен жоо-ның қызметкерлері қатысты. Барлығы – 20 адам, 63 жұмыс.
Байқаудың мақсаты – Павлодар өңіріндегі тарихы бар жоғары оқу орнының мазмұны мен міндетін сипаттайтын логотип жасау. Қатысушылар институттың дамуы мен қалыптасуын дәлірек жеткізу үшін бар күшін салуға тырысты.
Комиссия барлық жұмыстармен мұқият танысып, тиісті бағаларын берді. Әркімнің жұмысы өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсті. Кәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы Индира Дәулетова және ақпараттық-аналитикалық орталықтың дизайнері Игорь Козловтың жұмыстары ең үздік деп танылды.
Жеңімпаздарды ректор, профессор Алтынбек Нұхұлы құттықтап,150 000 теңге көлемінде атаулы серфтикатты табыс етті.
Сонымен қатар, байқаудың комиссиясы шешімі бойынша 10 үздік жұмыс таңдап алынды. Олар алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды: филология және тарих факультетінің студенттері – Перескокова Кристина, Сәрсенбай Ертарғын; Ибраева Нәзигүл Елемесовна – кәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы; Шәкенке Динара Кабдын-Каировна – математика және жаратылыстану факультеті деканының орынбасары; Лемешко Валерия, Оқан Нұрхат – математика және жаратылыстану факультетінің студенттері; Нұрымов Бауыржан Абылайұлы – педагогика кафедрасының аға-оқытушысы; Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және жұмыспен қамтамасыз ету орталығы; Амандық Есбол – филологи және тарих факультетінің студенті.