Перейти к содержимому страницы.

Мазмұнды әрі әсерлі концерттік бағдарлама.

10.03.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  жоғары сынып оқушыларына кәсіби-бағдар беру жұмысы  оның ең маңызды істерінің бірі болып табылады, өйткені болашақта қандай студенттерді оқытатынымыз осыған байланысты. Институт кафедраларының қала мектептерінде кәсіби-бағдар беру іс-шаралары жылдағы урдіске айналған. Оқу орнының басты мақтанышы – студенттер. Институттың деңгейін, ұтымды тұстарын, студенттік өмірдің қызықты да тартымды  екенін көрсететін дәл солар. Сондықтан да орыс тілі және әдебиеті кафедрасы осындай іс-шараны  үнемі студенттердің қатысуымен  өткізеді.

Осы жолы 6 наурызда  студенттер орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Нұрлан Рамазанович Омаровтың басшылығымен    № 28 ЖОББ мектебінде концерттік бағдарлама ұсынды. Бағдарлама барысында  студенттер оқушылар мен мұғалімдерге Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында оқудың артықшылығы мен ерекшелігін  үлкен қызығушылықпен айтып берді.  Қызықты музыкалық нөмірлер көрермендердің қызу талқысына түсті. Аталмыш іс-шараға ат салысқандарға «Орыс тілі және әдебиеті» кафедрасы зор алғысын білдірді.       

">