Мұғалімдерге арналған халықаралық конкурс
02.05.2017
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында тарих мұғалімдерінің арасында «Оқыту процесінде жаңа бағыттарды қолдана отырып, ұлттық салт пен дәстүрдің бөлшектерін қолдану» тақырыбы бойынша әдістемелік әзірлеме бойынша халықаралық конкурстың қорытынды кезеңі өтті. Конкурс ПМПИ 55 жылдығын тойлау және «Ұлы Алтай және Қазақстан аймақтырының этномәдени дамуына білім беруді біріктіру» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу аясында ұйымдастырылды.
Конкурсқа Павлодар облысы мектептерінің мұғалімдері қатысып, 17 жұмыс таныстырылды, оның 8 жұмысы конкурс комииссиясымен іріктеліп, екінші турға жіберілді.
Дипломмен марапатталды:
І деңгей – Алдыкенова Анар Толыбаевна (Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандырылған гимназияның тарих миұғалімі);
ІІ деңгей – Пустоветова Анна Владимировна («Григорьев негізгі жалпы орта білім беру мектебі» ММ тарих мұғалімі);
ІІІ деңгей – Сманова Күнсұлу Өркенқызы («К.Идрисов атындағы Ақтоғай ауданының жалпы орта білім беру мектебі» КММ тарих мұғалімі).
2017 жылғы 28 сәуірде «Ұлы Алтай және Қазақстан аймақтырының этномәдени дамуына білім беруді біріктіру» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы шегінде ЖОО ректоры, профессор Алтынбек Нұхұлы конкурс жеңімпаздарын құттықтады.