Академиялық адалдық мәселесі бойынша халықаралық ғылыми конференция
22.05.2017
ПМПИ стратегиялық даму және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ербол Исакаев 2017 жылы 19 мамырда ҚАЗМЗУ Уиверситетінде өткен университеттерді басқару және академиялық адалдық мәселесі бойынша ІІ Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары – ҚАЗМЗУ экономикасының Жоғарғы мектебі және Назарбаев университеті. Конференция серіктестері - «Астана» (AIFC) Халықаралық қаржы орталығы, ҚАЗМЗУ QIDS әлеуметтік-экономикалық зерттеулер институты, ҚАЗМЗУ университетінің халықаралық Орталығы.
Конференция жұмысына Халықаралық ЖОО ректорлары АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланд, Чехия, Өзбекстан, Ресей және Қазақстан ірі академиялық орталықтардың профессорлары, қызметкерлері қатысты.
Шараның басты мақсаты – студенттер, оқытушылар, әкімшіліктің қызметкерлерінің академиялық ортада өзін ұстауын негізге ала отырып, Қазақстанда академиялық адалдық мәселесін және академиялық дамуының жаңа стратегияларын озық халықаралық тәжірибе үлгісінде жан-жақты талқылау.
Форумның қатысушылары университет басшылығының ішкі және сыртқы қызметтерін, академиялық жетекшілік үдерісін, сонымен қоса ғылыми зерттеулердің кәсіби мәдениетін қалыптастыру мәселелерін кең ауқымды өзекті мәселелерді талқылады.