Тәжірибе алмасу
21.02.2017
Академиялық мобильділік тек қана шетелдік серіктестермен жүзеге аспайды. Павлодарлық ғалымдар мен педагогтар ЖОО арасындағы оқу мен әдістемелік алмасуда аса қызығушылық танытуда. Осыған орай, орыс тілі және әдебиет кафедрасы академиялық мобильділіктің қыр-сырын дамытуға тырысып қана қоймай, сонымен қатар Павлодар қаласының ғылыми-филологиялық мектебінің мүмкіншіліктерін пайдалануды жөн санайды.
13 және 24 ақпан аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Инновациялық Еуразия университетінің профессоры Хамитова Гульмира Абуовна дәріс оқитын болады. «Орыс тілі және әдебиеті», «Орыс тілді емес мектептердегі орыс тілі және әдебиеті» мамандықтарының үшінші курс студенттері «Филологияны оқытудағы инновациялар» пәні бойынша лекция оқиды. Гульмира Абуовна өзінің дәрістерінде заманауи білім беру технологияларымен таныстырып, оның орыс тілі және әдебиетті оқыту барысында анықтау бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді. Оған қоса, студенттерге тәжірибе барысында орыс тілі және әдебиетті оқытуда ақпараттық-байланыс әдістерін қолдануға мүмкіндік берілген.