Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-де «STARTUP «BOLASHAK-BUSINESS PAVLODAR» стартап-жобалардың алғашқы жастар республикалық конкурсы бастау алды

16.11.2017

Конкурс ұйымдастырушылары – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты және «Болашақ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан колледждері мен жоғары оқу орындарынан көптеген студенттер келді. Астана, Алматы, Өскемен, Петропавл, Тараз, Семей және Павлодар облыстарынан командалар таныстырылды. Жалпы алғанда, конкурста 28 команданың жобалары және 70-тен аса адам қатысты.

- Біз республикалық деңгейде алғаш рет осындай стартап-конкурс өткізіп жатырмыз. Өздеріңіз де білетініңіздей, стартап – жаңа ойлар, осы ойлар ертеңгі күні еліміздің экономикасында өз орнын табатынына сенімдімін. ЖОО-ны аяқтағаннан кейін көптеген жастар өздерінің орта бизнестерін ашуға дайын болады. Жастардың 30 % өз ішін ашса да, республикамыз үшін үлкен табыс болмақ, - деді «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджері Болат Атыбай. – Стартап жобалардың іске асуы бойынша ПМПИ тектен-текке бірінші болып отырған жоқ. Оқытушылар әрқашанда балалардың қауіпсіздігі үшін жауап береді, яғни ол бүкіл мемлекеттің қауіпсіздігі болғандықтан аталған жоба институт қабырғасынан бастауын алды. Осы студенттер ертеңгі күні мектепке, колледжге, жоғары оқу орындарына жұмыс істеуге баратындықтан, олар білімді, бәсекеге қабілетті және кез келген өзгеріске нық төтеп берулері керек.

 

ПМПИ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор Александр Свидерскийдің айтуы бойынша, конкурста жеңімпаз атанудан гөрі аймақтың бизнес-ортасының дамуына септігін тигізетін жобаның іске асуы әлдеқайда маңыздырақ.

-Конкурс Павлодар облысында және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында алғаш рет өткізілуде және де осы конкурсты оны жыл сайын өткізу үшін еңбегімізді аямайтынымызға сенім білдіремін. Әрине, конкурста жеңу өте маңызды, бірақ та жеңімпаз атанбаған күннің өзінде шара барысында жинақтаған тәжірибе мен қолайлы жағдайдың болғаны өзі бір ғанибет. Қазіргі таңда нетворкинг және Қазақстанның бизнес-экожүйесін, әсіресе Павлодар облысымызда қалыптастыру өте маңызды. Сіздерге бар жақсылықты, адал сайыс пен жетістік тілеймін!

 

Шара 15-18 қараша аралығында өткізіледі:

Жүлде қоры:

1-орын – 800 000 (сегіз жүз мың) теңге;

2-орын – 600 000 (алты жүз мың) теңге;

3-орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге.

 

 

 

Алғашқы күндері, ПМПИ қабырғасында өткізілетін шеберлік сабақтар мен семинарлар, сондай-ақ мәдени-демалыс шаралар өткізіледі. 17 қарашада жастардың жобалары таныстырылатын іріктеу кезеңі өтеді. Күн мәдени-демалыс шарасымен және кино кешімен аяқталады.

 

 

Төртінші күні – үздік жобалар таңдалатын және марапаттау салтанаты өткізілетін қорытынды күн болмақ.

">