ПМПИ студенттері «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірыңғай сағат» сабағына қатысты
06.12.2017
Профессор-оқытушылар құрамының және студенттердің қатысуымен облыстың 4 жоғары оқу орнында, 47 коледжде және 276 мектепте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірыңғай сағат» сабағы өтті.
Аталған сабақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ел саясатын, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын және 2015-2025 ж. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға бағытталады. Облыс бойынша сабаққа қатысушылардың саны 19465 адамға жетті.
Сабақта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» ҚР заңының сақталуына, жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнежазбалар көрсетілді. Сонымен жемқорлықты туғызатын себептер мен шарттар сөз етілді.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттеріне дәрісті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Виктор Жамулдинов оқыды.
ПМПИ студенттері сыбайлас жемқорлықты тудыратын әлемдік сыбайлас жемқорлықты тудыратын картаны талқылады.
Сабақтың қорытындысында қоғамның осы мәселесі бойынша студенттер өз ойларын айтты. Сыбайлас жемқорлықты студенттер «қоғам мәселесі» деп алды. Бұл сабақ – сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жоғары оқу орындарында өткізілетін шаралар топтамасы.