VIII Достық фестивалі
29.11.2017
Павлодар мемлкеттік педагогикалық институтында Алғашқы Президент және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күндеріне, сондай-ақ институмыздың 55 жылдығына арналған «Қазақстан – ортақ үйіміз» кезекті VІІІ Достық фестивалі өтті. Шараны ПМПИ шет тілдері кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты М. Рамазанова ұйымдастырды. Осындай ауқымды іс-шараны кафедра 8-ші жыл өткізіп жатыр. Аталған шара студенттердің Отанға деген патриотизмін тәрбиелеп, біріктіруге және студенттер мен оқытушыларды жақын тану мақсатында ұйымдастырылды.
Кафедра Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастық қарым-қатынаста. Ағымдағы жылы «Қазақстан кәрістерінің бірлестігі» павлодарлық филиалы фестивальдің қонағы болды.
Фестиваль қонақтары кафедраның шақыруына жылы лебіз танытты. Жыл сайын әр этно-мәдени орталық фестивальге өз бағдарламасымен келіп, шығармашылық нөмір көрсетеді. Шара барысында «Қазақстан кәрістерінің Бірлестігі» ҚБ төрағасының орынбасары Раиса Афанасьева Қазақстандағы кәрістердің қайғылы жағдайын айтып, бірлестік жас ұжымымен таныстырды. Орталықтың жас қатысушылары өз өнерлерін көрсетті: корей тілін әдемі ән шырқады, заманауи және ұлттық би биледі. Қазіргі уақытта жастар арасында корей мәдениеті танымал болғандықтан, халайық бар ықыласпен қарсы алды. Сонымен қатар қонақтар корей мәдениетінің көрмесін ұсынды.
Фестиваль достық және мәдениет қалыбында өтті. ИА-22 тобының студенті Айжан Ғазизова домбыра тартып, ИА-12қ, ИА-22қ, ИА-22 топтарының стцденттері заманауи корей биін билеп, ШТА-41 тобы өзбек тілінде ән айтып, ИА-23 тобының студенттері мерекені сыған мәдениетімен безендіріп, өнерлерін көрсетті. Мерекенің қызықты өтуі үшін жастар бар күш-жігерлерін жұмсады: таныстырып отырған этностың мәдениетіне терең бойлап, киім-кешектерін жалға алып, ұлттық тағамдарын дайындады. ШТА-11, ШТА-11қ топтарының студенттері қонақтарға пахлава, ал ШТА-21 тобы қазақтың мәдениеті мен үйлесімдігін таныту мақсатында бауырсақтар ұсынды.
Бітіруші топ түлектері де мерекеден тыс қалған жоқ. Олар, яғни ИА-42 тобы неміс мәдениетін, ШТА-41 тобының студенттері ағылшын тілінде ән шырқаған еді.
Дәл осындай шаралар кафедра оқытушыларының жұмысын және олардың студенттермен жасап жатқан жылы қарым-қатынасының белгісін көрсетеді.
Р. Афанасьева мерекеде достық күйінің орын алғанын және кафедра ұжымы мен студенттерінің бірлігін атап кетті. Мереке соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.