Перейти к содержимому страницы.

Жаңа идея жолы! ПМПИ-де Demo Day өтті

08.12.2017

Demo Day – институт студенттерінің Start-up жобаларын қорытындылайтын жооішілік конкурс. Конкурсқа 18 команда қатысты.

Студенттер кәсіпкерлік курсынан өтіп, өз жобаларын қорғау мүмкіндігіне ие болды. Кәсіпкерлік курстарын MOST Бизнес-инкубаторында біліктіліктерін арттырған институт оқытушылары өткізді.

Конкурс қатысушыларын құттықтау сөзбен ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор Александр Свидерский қарсы алды.

− Осы жылдан бастап Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Стартап орталық» қалыптасады. Орталықта ынталы жастардың жұмыстары қарастырылады. Ол жаңа, ерекше, қоғамға қажет ойлардың алаңы болмақ. Биылдан бастап барлық жобалардың іске асыратын коммерциялау және кәсіпкерлік бөлімі ашылды. Барлық қатысушыларды осындай жаңалықпен құттықтап, келесі жылдан бастап «Кәсіпкерлік курстары» барлық студенттерге өткізіледі, - деді Александр Свидерский.

MOST бизнес инкубаторы – бизнесті құру және дамыту алаңы. Компания миссиясы: әлемдік қоғамдастықтың дамуы үшін жаңа танымал кәсіпкерлерді дайындау. Компания жұмысының бірегейлігі 3 негізгі компонентке байланысты: жас кәсіпкерлерді оқыту және кеңес беру; қаржыландыруға және тәлімгерлікке жол ашу.

Нәтижесінде орындар төмендегідей берілді:

1-орын - «My health» жобасы

2-орын - «PVL GO» жобасы

3-орын - «Искатели» жобасы

">