Кітапханашыларға арналған семинар
02.06.2017
2017 жылғы 31 мамыр-1 маусым аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ғылыми кітапханасы және Қазақстан ЖОО кітапханаларының бірлестігі жоғарғы білім көшбасшылары жыл сайынғы Еуразия форумының қолдауымен «Кітапханалық өзара әрекеттестік-2017: ЖОО кітапханасының дамуындағы қазіргі әлемдік тенденциялар» семинарын және «Университет кітапханалары дамуының қазіргі тренді: тәжірибе, мәселе мен болашақ» VI халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізді.
Іс-шаралар Назарбаев Университетінің кітапханасында өтті. Форумға 112 аса Қазақстан, алс және таяу шетелдері – АҚШ, Түркия, Әзербайджан мен Ресей кітапханашылары қатысты. ПМПИ Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананы директордың міндетін атқарушы К.К.Төлеубаева таныстырды. Семинарды Назарбаев Университетінің академиялық мәселесі жөніндегі вице-провост доктор Лоретта О Доннелл ашты, Висконсия штаты Университетінің біріккен кітапханалық жүйесі бойынша қормен ғылыми зерттеулерді қалыптастыру жөніндегі қауымдастырылған кітапханашы Дуглас Эдвард Уэй, кітапхана және құжаттандыру бөлімінің бастығы Хакан Хилми Капуджу (Түркия), Назарбаев Университеті эксперт-менеджері Рейза Алензуэлла және т.б. баяндама жасады.
Форум жұмысының басты бөлігі білім мен ғылымның жаңаша жетістіктерін шоғырландырған Назарбаев Университетінің тәжірибесін трансляциялау бойынша семинар. Өзекті тақырыптар – инклюзивті білім бері, сонымен қоса кітапхана өзгерісі: мобильді қосымша, әлеуметтік желілер мен электронды қорлар және 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесі кітапхана желісі негізгі Стратегиялық бағыттарын әзірлеу. «Астана ЖОО кітапханалары: даму стратегиясы» презентациясы және Назарбаев Университетінің тәжірибесін алмасу бойынша трансляция өтті. Семинар өте қызықты және пайдалы болды, шетел және Назарбаев Университеті кітапханларының тәжірибелерін алмастыру туралы көп ақпарат қамтылған болатын.