Бүкіл ел болып кітап оқимыз
09.09.2017
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акция басталды. Кітап оқуды насихаттап қана қоймай, халық бірлігін нығайтқан әдеби акция алғаш рет 2007 жылы басталды. Жобаның мақсаты – қазақ әдебиетін танымал ету, қоғамның кітап оқуға қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын оқытуда және өсіп келе жатқан ұрпақтардың танымдық-рухани дамуына зерттеу қызығушылығын тудыру. Акцияға қатысу үшін гуманизмнің жалпы адами және ұлттық құндылықтарды, тарихи-мәдениетті дәстүрді, ел дамуының тарихи түп-тамырын және заманауи дамуын көрсететін шығармалар таңдалды. Әр таңдалған шығарма адам тағдырын, тарихи мағлұматтарды, тәрбиелік мәнді көрсетеді және оқырмандардың уайымдатып, ойлауға үйретеді.
2017 жылы Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай «Жыл кітабы - 2017» болып сан қырлы талантты, танымал қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кітабы және оның шығармалары болмақ. Павлодар Ертіс өңірінің мақтанышы, қазақ прозасының дамуына үлкен үлесін қосқан, ақын, демократ, талантты тұлға – біздің жерлесіміз.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – өз халқының ұлы ұлдарының бірі. Абайдан кейін оны белді ақындардың қатарына қосуға болады. Ол небары 27 жыл өмір сүрді. Бірақ осыған қарамастан ұрпақтарына құнды әдеби мұра қалдырып кетті. Оның шығармалары көп жанрлы, тематикасы өте бай, терең мазмұнды. Олардың басты ерекшелігі – шынайылық пен халықтық.
Ақын өз шығармаларында сол кездегі халықтың өмірін шынайы суреттеп, әлеуметтік-қоғамдық өмірдің қажетті мәселелерін көтерді. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларының гуманизмі қазақ әдебиетінде жоғары бағаға ие. Оның шығармаларына еркін қоғам арманы тарап кеткен.
ПМПИ Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана барлық оқырмандарын ашық көрмелерде көрсетілген әдебиетпен танысуға, библиографиялық шолуға, әдеби дискуссияларға, әдеби кештерге, «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқимыз» интернет-жобаға және «Бір ел – бір кітап» акциясымен ұштастырылған баршық шараларға қатысуға шақырамыз.
Кітаптарды ғылыми кітапхананың әдеби оқу залынаналуға болады, сондай-ақ «Электронды кітаптар» электронды кітапханасынан және ЖОО сайтынан оқуға болады.