Перейти к содержимому страницы.

Жыршы Әсенов Даниял Сабырұлымен кездесу өтті

10.02.2017

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымының докторы, профессор Бекен Сағындықұлының ұйымдастыруымен 2017 жылы ақпанның 8 жұлдызында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында жыршы Әсенов Даниял Сабырұлымен кездесу өтті. Филология және тарих факультетінің ҚТӘ-31, ҚТОӘ-31, ҚФБ-31 топ студенттері қатысты.

Кездесу мақсаты – қазақ тілі ғылымының дамуына, дінтаным бағытында, салт-дәстүріміздің дәріптелуіне үлес қосқан бірегей тұлғаның айтқан өсиетін, ой толғамдарын кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Жыршы Мұхтар Арын Ғалиұлының «Бес анық» тәрбие туралы толғамдарының қазаққа ең қажетті бес құндылығына ерекше тоқталды. Мысалы, тіл, дін, дәстүр, тарих және атамекен мәселелеріне барынша құрметпен қарап, оларды жан-тәнімен сүюге шақырады. Сонымен қатар Даниял Сабырұлы жиналған жастарға, көпшілікке кең даладай дархан жүрегінен қыран қанатты, қылыштай қиып түсер алмас жырларын тарту етті.

Әсенов Даниял Сабырұлының жадының мықтылығы сонша – бір сағат бойы мүдірместен, Мұхтар Ғалиұлының сөздерін тыңдаушыға анық та айқын жеткізді. Сөз соңында жыршы ағамыз: «Мен, әрине, қазақтың жырларын көп

білемін, жатқа оқимын. Тыңдар құлақ болса, таңды таңға ұрып жырлар едім», –деп қорытты.

">