Перейти к содержимому страницы.

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасында педагогикалық (өндірістік) тәжірибенің қорытынды конференциясы өтті

14.04.2017

14 сәуір күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ІҮ курс студенттерінің арасында өндірістік (педагогикалық) практика бойынша қорытынды конференция өтті. Конференцияда кафедра меңгерушісі Ерғалиев Қ.С. сөз сөйледі.

Студенттер тәжірибеден алған әсерлерімен бөлісіп, практика барысындағы қиыншылықтары мен қызықтарын айтып өтті. Сабақ және сабақтан тыс іс-шаралардың мазмұнымен таныстырып, тәжірибе жинақтап, алмасқандары туралы есеп берді. Студенттер өз жинаған тәжірибелерін таныстыру арқылы көрсетіп, пікір алмасты. Конференция соңында кафедра оқытушылары Оразханова М.И.  мен Сағнаева Г.Ә. өз бағаларын беріп, жылы лебіздерін білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.

">