Перейти к содержимому страницы.

1 Маусым – Балаларды қорғау күні

01.06.2017

ПМПИ жылдағы дәстүрмен Мичурин балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді «Балаларды қорғау күні» мерекесімен құттықтап қайтты.

Институттың студенттері көңіл көтерер әсем әндерімен оларға мерекелік кеш сыйлады. Сондай-ақ оқу орданың әкімшілігі балалар үйіне бағалы сыйлықтар ұсынды. Кеш соңында балалар үйінің директоры  Баширова Гүлмира Қайырбергенқызы жыл сайын ұмытпай ықылас пен ілтипатқа мұқтаж  балалардың көңілін аулауды, көмек көрсетуді міндетіне алған ПМПИ әкімшілігі мен ұжымына, студенттеріне алғысын білдірді. Балалар да әннің әуенінен бойларына шабыт алып, көңілдері шаттанып қалды.

">