Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ командасы биологиядан республикалық олимпиадада бірінші орынға ие болды

07.04.2017

2017 жылғы 5-7 сәуір аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында биологиядан республикалық пәндік олимпиада болып өтті. 

Олимпиадаға республика жоо-ның  12 командасынан 36 зияткерлер қатысты.Үш байқау барысында (теорияық, үй тапсырмасы, тәжірибе айналымы) жеке және командалық біріншілікте үздіктер анықталды.

Командалық байқауда бірінші орынды Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жеңіп алды, екінші орынды: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы), Қорқыт ата атындагы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда), Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал) үшінші орынды: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (Ақтөбе), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты (Шымкент), Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды) иеленді.

Жеке біріншілікте бірінші орынға Еженхан Айғаным (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті), екінші орынға - Сартаев Әлібек (Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті), Әндар Жадыра (Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты), Құдабай Әділхан Сапарғалиұлы (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) ие болды.Үшінші орын Тоқтағанова Жанеркеге  (Тараз мемлекеттік педагогикалық институты), Төленді Гүлжауһарға (Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті), Көшкімбаева Ардаққа (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті),  Рамазанова Әселге (Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты) бұйырды.  

Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!

">