Перейти к содержимому страницы.

Жаңартылған білім беру аясындағы бастамалар

20.05.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты біліктілікті арттыру және тілдік даярлық орталығы  мұғалімдердің пән бойынша білімдерін жаңарту  бойынша абыройлы еңбек атқарып  жатқанының дәлелі. 2017 жылдың 12-19 мамыр аралығында Екібастұз қаласындағы №21 орта мектепте «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында физикадан оқушылармен жұмыс жасау әдістері » тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курс жаңартылған бағдарлама бойынша математика және физика кафедрасының аға оқытушысы Анаева Э.Ш. және орталықтың әдіскері Каримова Р.М. жетекшілігімен өтті.

Курстың негізгі мақсаты: физика  пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және үштілдікті білім мазмұнына енгізу, критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің  педагогикалық шеберлігін жетілдіру. 

Курсқа қатысқан физика пәні мұғалімдері жаңартылған бағдарлама бойынша толық ақпарат алып, тіл үйретудің жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибелік тұрғыда меңгеріп, нәтижеге бағытталған сабақтарды жоспарлауды үйренді. 

Курс ұстаздарға жаңа леп, тың идеяларды ұсынып, физика пәнінің қыр-сырын басқалай логикалық  деңгейлік тапсырмалардың  меңгертудің тиімді жолдарын айқындап берді.

">