Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

31.05.2017

2017 жылғы 30 мамырында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті жоғары оқу орындары және білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған ішкі талдаудың арнайы мониторингтік топтың және Жемқорлыққа қарсы стратегия бағасын жүзеге асыру жоспарын іске асыру аясында тыңдау өткізді.

Тыңдауға ПМПИ стратегиялық даму және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ербол Исакаев қатысты.

2015 жылдан бастап ПМПИ элективті пәндер каталогына «Сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениет негіздері» пәні енгізілді, ал 2016 жылдан бастап осы пән «Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» деп атала бастады. Аталған пәнді оқытудың мақсаты – құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім жүйесін қалыптастыру және осы негізде аталған құбылысқа қарсы азаматтық көзқарасты тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы әрекет ететін тұлғаның құқықтық мәдениетін тәрбиелеу. Ағымдағы жылда пәнді 1401 студент таңдап, білім алды.

ПМПИ-дің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» онлайн-порталы (ppi.kz/anticor) бар. Порталда студенттер қатысымы және оқу үлгерімі туралы ақпарат, оқу үдерісі кезінде грант тағайындау, жатақханадағы бос орындар мәселелері, сыбайлас жемқорлық заңнамалық саласындағы нормативтік құжаттары, ҚР сыбайлас жемқорлық заңнамаларының актілері, сонымен де сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмысымен байланысты ПМПИ ішкі құжаттары орналастырылған.

Оқу-үдерісінің айқындылығын және қызмет көрсетуді оңтайландыру және жеделдету жұмыстары бойынша ЖОО-да академиялық адалдық принциптерін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамыр айында ПМПИ ҚАЗМЗУ Университетінің Жоғары мектебі мен Назарбаев Университеті ұйымдастырған академиялық адалдық мәселесі бойынша Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Конференцияның басты мақсаты – студенттер, оқытушылар және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ортада өздерін ұстау ережелерін әзірлеу және іске асыру негізінде Қазақстанда академиялық адалдық мәселесін жан-жақты талқылау., зерттеушілер мен тәжірибешілердің тәжірибе алмасу платформасын құру, халықаралық жетекші тәжірибені талқылау, академиялық адалдық мәселесінің дамуына жаңа стратегияларды іске асыру.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында ПМПИ-де студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылмақ. Орталықтың басты мақсаты аз уақыт ішінде және сапалы қызмет көрсететін «бір терезе» қағидаты бойынша жедел және орталықтандырылған қызмет көрсету.

">