Пікірталас клубындағы алғашқы сайыс
12.04.2017
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институнда алғашқы пікірталас турнирі өтті. Пікірталас клубы барлығы жарты жыл қызмет етеді, бірақ қатысуға ниет білдірушілер саны аз емес. Өткен турнир біздің жастардың үлкен әлеуетін, шешендік қабілеті мен сын көзқарастарының жоғары деңгейін анықтады. Сайыс резолюциясы балалардың шылым шегуі, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер тақырыбын қозғады. ПМПИ алғашқы клубішілік пікірталас сайысының жеңімпаздары белсенді пікірсайысшылар және ПМПИ болашақ студенттері - 10 сынып оқушылары Ярослав Миронов пен Алимхан Жәнібеков. Олар пікірталас шеберлігінің өз жоғары деңгейін көрсетіп бірінші дәрежеге лайықты ие болды. Жоғары дәреже алған барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталып енді келесі сайысқа дайындалып жатыр. Пікірталас ойлау қабілетін дамытып, түрлі мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Бұл сайысты зияткерлік пікірталас клубының туған күні деп айтуға болады. Институттың қолдауымен сайыскерлер біздің еліміз бен қоғамның дамуына салмақты үлес қосуы мүмкін.