Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ ректоры Алтынбек Нұхұлының белсенді студенттермен бейресми кездесуі

26.05.2017

2017 жылдың 25 мамырында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Алтынбек Нухұлы ПМПИ жастар үйінде институттың қоғамдық өмірінің белсенді студенттерімен кездесті.  Ең алдымен ректор  5 қабаттан тұратын жастар  үйінің әр қабатын  аралап  ең үздік 5 жатын бөлмені таңдап, үздік стөл теннисі мен шахмат ойыншылары арасында   ЭКСПО-ға тегін билеттер ойнатылды.  

Айта кететіні Алтынбек Нұхұлы ойын залында студенттер арасында тоғызқұмалақ ойынын тамашалап, стөл теннисі мен өзі сүйіп ойнайтын шахматтан шеберлік сабағын көрсетті. Сонымен қатар  кинозалдың жұмыс істей бастағанына көзі жеткен ректор кітапхана, демалыс  бөлмесі мен жаңа жұмыс істей бастаған арнайы психолог кабинетін көріп, жаттығу және спорт залдарына түсіп, ондағы жасалып жатқан өзгерістерге іші жылыды. Жатақхананың тыныс-тіршілігіне бір жарым сағатын арнаған ректор коворкинг-жастар орталығында кездесуге жиналған ПМПИ-ың белсенді студенттерімен қауышты.

Ректор бірден студенттерді ашық әңгімеге тарта отырып, оларға уәде етілген мәселелердің түбегейлі шешіліп жатқанын айтты. Мысалы бір ай ішінде ғаламтор жылдамдығының айтулы жақсаруы, жаттығу залының жаңа келбеті, психолог маманы кабинетінің ашылуы т.б. Кездесуге арнайы жайылған ақ дастархан үстіндегі  бейресми әңгіме барысында Алтынбек Нухұлы алдыда әлі талай жақсы өзгерістер күтіп тұрғанын, оның ішінде ПМПИ ғимараттарының сыртқы келбетінің дизайны да өзгеріске ұшырайтынын және де қазірдің өзінде  институт және жатақхана ғимараттарының түңгі жарықтандырылғанын  қоса айтты. Жоспарда тағы бір жатақхана салу жақсы үрдісі бар, өйткені былтыр қабылданған студенттер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп болды.

Шәй үстінде ректор студенттердің  тілек, ұсыныстарын тыңдады. Жастар өздерін мазалаған  бірсыпыра сұрақтарға тұжырымды және нақты жауаптарын алып, көңілдері бір көтеріліп қалды. Расында да кейінгі бір жыл ішінде болып жатқан оң өзгерістерге студенттер  ректор Алтынбек Нухұлына шексіз алғыстарын білдірді.  Кездесу барысында жиналған белсенді студент жастарын ректор әдеттегідей оқу жылының аяқталуымен құттықтап алғысхат және ЭКСПО-ға тегін билеттер табыстады. Тағы бір маңыздысы ПМПИ өз тарапынан әлеуметтік аз қамтылған  студенттерге (37 студент) ЭКСПО билеттерін тарту етті.

Кездесудің соңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» мақаласына тоқталып, бұл саясатты әсіресе жастардың қолдауы керектігін баса айтты және осы белсенділіктерінің тағы бір айғағы ретінде «ПМПИ хабаршысы» газетіне де атсалысуларын сұрады. Кездесу соңында студенттер ректормен естелік суретке түсті.

">