Перейти к содержимому страницы.

Зайырлылықтың Қазақстандық үлгісі

02.05.2017

2017 жылдың 28 сәуірінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында  Астана қаласы «Мәдениеттер және діндер» халықтар орталығының (Бейбітшілік  және Келісім сарайы) директоры, дінтанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы Айдар Парқұлұлы Әбуов бастатқан дін өқілдері студент жастармен дөңгелек стөл өткізді. Кездесуде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланып, мұндағы айтылған түйткүл мәселелерге анығырақ түсініктеме берілді. Ақпарат кеңістігі және таралу жылдамдығының ол заман мен бұл замандағы айырмашылығы,  шексіздігі, бүгінгі күнгі мамандық өзгерістері, жан-жақты білімді және әмбебап болу керектігіне баса назар аударды.

-«Ескіден арылу, рухани жаңғыру, шолақ шалбар, қара киім – ол вирус, жасанды құбылыс» - дей келе дінтанушы, адамның басты құндылықтары мен міндеттері: білім, еңбек, дәстүрлі өмір сүре білу, көпшілікпен болу және оған бағыну болып табылатындығын студенттерге ашық айтты.  Міне осындай қарапайым қағидалар қоғамға тек пайда әкелетін көрінбейтін күш. Рухани көшбасшылар  бейбітшілік жолында өз үлестерін қосудың тура жолы   осындай насихат жұмысы екендігін тағы бір дәлелдеді.         

">