ПМПИ-дің мұрындық болуымен Баянауылдың мектебінде роботехника кабинеті ашылды
10.01.2017
2016 жылдың 24 желтоқсанында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессоры Алтынек Нухулы өзінің ректор болып тағайындалған күннен кейін Баянауыл ауданындағы Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернатта робототехника кабинетін аудан әкімі О.Ә.Қайыргелдиновпен бірге салтанатты түрде ашты.
Кабинетке қажеті барлық құрал-жабдықтар Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының есебінен сатып алынды.
Бүгінгі таңда мектептегі робототехника жоғарғы қажеттілікте және өзекті. Роботехникаға жұмылдыру барысында оқушылардың оқуға деген ортасы қалыптасады, өздерінің қабілеттерін ашуға мүмкіндік тудырады, қоршаған әлемнің мүмкіндіктерін танып, еркін жұмыс жасауына септігін тигізеді.
Ш.айманов атындағы мектеп-интернаттағы роботехника кабинетінің ашылуы оқушылар үшін Жаңа жылдық сыйлық болғаны жасырын емес. Роботехника білімінң негізгі жетістігі, яғни механика, электроника, авоматика, құрастыру, бағдарламалау мен техникалық дизайнды жетілдіру болып табылады.
Жаңа пән балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, байланыс әдістерін жетілдіру, техникалық сауаттылықты қалыптастыру сынды тапсырмаларды шешеді. Жалпы білім жүйесіндегі негізгі тапсырмалар ақпарат жиынтығы мен әдістемелердің топтамасын меңгеруге, сондай-ақ, оларды ойлау технологиясын жетілдіріп, тәжірибе жүзінде қолдануға жол ашады.